06.03.2026, 22:30

Ғұсман Қырғызбаев пен Шерзод Давлатов Аустрия Гран-приінің жартылай финалында

Фото: ҰОК

Бұл туралы ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі мәлім етті.

Бүгін Аустрияның Линц қаласында басталған дзюдодан Гран-при турнирінде отандасымыз жартылай финалға жолдама алды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Ерлер арасында -60 кг салмақта Шерзод Давлатов іріктеуде Словения, Израиль, сосын Жапония палуанынан басым түсті. Енді бүгін кешке жартылай финалда украиналық Дильшод Халматовпен күш сынасады. Осы салмақтағы тағы бір отандасымыз Аман Бақытжан жұбаныш кезеңінде Мурад Мурадлимен (Әзербайжан) күреседі.

Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев (-66 кг) іріктеуде Бейтарап атлетті, Италия және Грузия дзюдошысын жеңді. Келесі қарсыласы - Рональд Лима (Бразилия). 

Бұған дейін Әбиба Әбужақынова Аустриядағы Гран-при турнирінің жұбаныш кезеңінде күресетінін жазған болатынбыз.