06.03.2026, 21:30

Головкин ХХІ ғасырдың үздік боксшыларының тізіміне енді

Фото: ҰОК

Boxing.media интернет-платформасы XXI ғасырдағы ең үздік боксшылардың рейтингін жариялады.

Тізімге жалпы саны 25 былғары қолғап шебері енген. Рейтингтің алғашқы үштігінде америкалық Флойд Мейвезер, филиппиндік Мэнни Пакьяо және тағы бір америкалық аңыз Бернард Хопкинс орналасқан, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Аталған тізімде қазақстандық боксшы Геннадий Головкин де бар. Ол XXI ғасырдың ең үздік боксшылары рейтингінде 11-орынға тұрақтады.

Boxing.media нұсқасы бойынша XXI ғасырдың үздік 25 боксшысы:

1. Флойд Мейвезер (АҚШ)

2. Мэнни Пакьяо (Филиппин)

3. Бернард Хопкинс (АҚШ)

4. Александр Усик (Украина)

5. Сауль «Канело» Альварес (Мексика)

6. Андре Уорд (АҚШ)

7. Теренс Кроуфорд (АҚШ)

8. Хуан Мануэль Маркес (Мексика)

9. Рой Джонс (АҚШ)

10. Наоя Иноуэ (Жапония)

11. Геннадий Головкин (Қазақстан)

12. Джо Кальзаге (Ұлыбритания)

13. Эрик Моралес (Мексика)

14. Василий Ломаченко (Украина)

15. Оскар Де Ла Хойя (АҚШ)

16. Роман Гонсалес (Никарагуа)

17. Тайсон Фьюри (Ұлыбритания)

18. Мигель Котто (Пуэрто-Рико)

19. Виталий Кличко (Украина)

20. Марко Антонио Баррера (Мексика)

21. Кэти Тейлор (Ирландия)

22. Владимир Кличко (Украина)

23. Кларесса Шилдс (АҚШ)

24. Рональд Райт (АҚШ)

25. Тимоти Брэдли (АҚШ)

Айта кетейік, Геннадий Головкин шаршы алаңға соңғы рет 2022 жылдың қыркүйегінде шыққан. Сол кезде ол мексикалық Сауль «Канело» Альвареспен өткен үшінші жекпе-жекте жеңіліс тапқан еді.

2024 жылдың ақпанында Головкин Қазақстан Ұлттық олимпиада комитетінің президенті қызметіне ресми түрде кірісті. Сонымен қатар ол жаңадан құрылған World Boxing ұйымының президенті.

Кәсіпқой рингтегі мансабында GGG 42 рет жеңіске жетіп (оның 37-сі нокаутпен), екі рет жеңіліп, бір жекпе-жегін тең нәтижемен аяқтаған. Ол орта салмақта WBC, WBA, IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атанған.