$ 493.36  572.84  6.29

Шерзод Давлатов – Аустриядағы Гран-придің қола жүлдегері

Ерлер арасында -60 кг салмақтың кіші финалында екі отандасымыз Шерзод Давлатов пен Аман Бақытжан кездесті.

Фото: Спорта дамыту дирекциясы
Фото: Спорта дамыту дирекциясы

Аустрияның Линц қаласында басталған дзюдодан Гран-при турнирінде Қазақстан командасының қоржынына алғашқы жүлде түсті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Ерлер арасында -60 кг салмақтың кіші финалында екі отандасымыз Шерзод Давлатов пен Аман Бақытжан кездесті. Бұл белдесудің ортасында Давлатов таза жеңіске жетті.

Айта кетейік, күндізгі сессияда Шерзод жартылай финалға жетіп, украиналық Дильшод Халматовқа жол берді. Ал Аман Бақытжан ширек финалда сүрініп, жұбаныш кезеңінде Мурад Мурадлидің (Әзірбайжан) осал тұсын тапты. 

Бірнеше сәттер бұрын Абиба Абужақынова (-48 кг) қола жүлдеге таласта, Нидерланд дзюдошысынан жеңіліп қалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0