Футболшы көлігін қабылдап алу кезінде бұған дейін де көлігін елден Ресейге бірнеше рет жеткізгенін айтты.
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының және «Зенит» клубының қорғаушысы Нұралы Әліптің Ақтаудан Санкт-Петербургке жол талғамайтын қымбат көлігін арнайы алдыртқаны белгілі болды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы 1bol.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы ақтаулық логистика қызметін көрсетуші Әнуар есімді азамат желіде бейнежазба жариялады. Оның айтуынша, Ақтаудан эвакуатор арқылы жеткізілген «Mercedes Gelandewagen» көлігі Санкт-Петербургке үш күнде жеткен.
Футболшы көлігін қабылдап алу кезінде бұған дейін де көлігін елден Ресейге бірнеше рет жеткізгенін айтты.
«Ақтаудан Санкт-Петербургке үш күнде жеткізді. Бұған дейін де 5–6 мәрте көлігімді осылай алдырттым», — деді футболшы.
Белгілі футболшы бұған дейін де қымбат көліктерімен көзге түскен еді. Ол бірнеше жыл бұрын «Mercedes» компаниясының Е класына жататын седан үлгісіндегі қымбат көлігін сатып жатқан сәтін желіде жариялаған болатын.