09.03.2026, 22:30

«Қуат Хамитов қайтыс болды»: Спортшының өзі мәлімдеме жасады

Фото: instagram/kuat_khamitov

Оның сөзіне сенсек, желіде спортшының өлімі туралы қауесет тарап кеткен.

Танымал файтер Қуат Хамитов өзі туралы тараған ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Оның сөзіне сенсек, желіде спортшының өлімі туралы қауесет тарап кеткен.

«Ассалаумағалейкум, достар! Кейінгі кезде әлеуметтік желілерде «Қуат «Найман» Хамитов қайтыс болды» деген түрлі видеолар тарап жатыр. Бұған сенбеңіздер! Егер мен шынымен өмірден өтсем, өзім желіге шығып, ресми түрде хабарлаймын. «Жігіттер, мен қайтыс болдым» деп айтамын. Сондықтан мұндай қауесеттерге сенбеңіздер», - деді Қ. Хамитов желідегі парақшасында.