$ 482.33  557.57  5.74

Октагонға екі жыл бұрын шыққан Арман Әшімовтің қарсыласы анықталды

Әшімовтың қарсыласы «Шоутайм» лақап атымен танымал тәжікстандық спортшы Дильшод Норкузиев болмақ.

Фото: instagram.com/nomadfighting
Фото: instagram.com/nomadfighting

Қазақстандық ММА файтері, M-1 лигасының бұрынғы уақытша чемпионы Арман Әшімов кезекті жекпе-жегін өткізеді. Ол 11 сәуір күні Алматыдағы «Алматы Аренада» өтетін турнир аясында октагонға шығады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Әшімовтың қарсыласы «Шоутайм» лақап атымен танымал тәжікстандық спортшы Дильшод Норкузиев болмақ.

Ұйымдастырушылар мәліметінше, екі спортшы да жанкүйерлерге тартысты әрі әсерлі айқас көрсетуге ниетті. 

«М-1 чемпионы Арман Әшімов оралып, Дильшод «Шоутайммен» тартысты айқас өткізеді», - деп жазады Nomad Fighting өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Айта кетейік, қазақстандық файтер бұған дейін жекпе-жегін 2024 жылдың 23 наурызында Rizin Fighting Federation турнирінде өткізген. Жапониядағы дебюттік кездесуінде ол тәжірибелі Юсаку Накамураға есе жіберген еді.

Ал Норкузиев соңғы рет 2025 жылдың 19 желтоқсанында Octagon League турнирінде өнер көрсетіп, өзбекстандық Аббос Хайдаровты бірінші раундтың 40-секундында нокаутпен жеңген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0