25.03.2026, 22:00

Қазақстандық спортшылар Францияда өткен спорттық пышақ жекпе-жегінен Еуропа чемпиондары атанды

Фото: SN.KZ

22 наурыз күні Францияда спорттық пышақ жекпе-жегінен Еуропа чемпионаты өтті.

Қазақстан Еуропаны қалай бағындырып, Парижде үш алтын медаль жеңіп алды,  деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

22 наурыз күні Францияда техника, жылдамдық және стратегиялық ойлауды үйлестіретін заманауи спорт түрі — спорттық пышақ жекпе-жегінен Еуропа чемпионаты өтті.

Халықаралық аренада Қазақстанның намысын Астанадағы «Толпар» клубының үш спортшысы — Бақыт Жанкубаев, Вениамин Ким және олардың жаттықтырушысы Виктор Филатов лайықты қорғады.

Жекпе-жектер барысында спортшылар авторлық техникаларын және жоғары деңгейдегі дайындықтарын көрсетіп, түрлі елдерден келген қатысушылар мен төрешілердің шынайы таңданысын тудырды.

v

Жарысқа Франция, Германия, Чехия, Польша, Испания, Латвия, Украина, Мексика, Аргентина, Ресей және Қазақстан сынды 10-нан астам елдің спортшылары қатысты.

Чемпионат қорытындысы бойынша: — Бақыт Жанкубаев 185 см-ге дейінгі санатта Еуропа чемпионы атанып, сонымен қатар «Абсолют» санатында Еуропаның абсолютті чемпионы атағын жеңіп алды — Вениамин Ким 175 см-ге дейінгі санатта алтын медаль жеңіп алып, Еуропа чемпионы атанды

Осылайша, Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатында үш алтын медаль еншіледі.

Команданың жаттықтырушысы Виктор Филатов спортшыларды дайындаудағы үлесі және үш санаттағы үздік нәтижелері үшін үш алтын медальмен марапатталды.

Сонымен қатар, командалық жекпе-жектерде қазақстандық спортшылар күміс медальдарға ие болды.

Команданың бұл жетістігі Қазақстандағы осы спорт түрінің қарқынды дамып, жоғары деңгейде дайындалатынын айқын көрсетті. Турнирге қатысушылар қазақстандық спортшылардың техникасына ерекше құрмет білдіріп, жеке келіп алғыс айтып, олардың шеберлігінің құпиясымен бөлісуді сұрады. Өз кезегінде спортшылар тәжірибелерімен ашық бөлісіп, техникалық элементтерін көрсетті.

Спорттық пышақ жекпе-жегі 20 жылдан астам уақыттан бері дамып келе жатқан спорт түрі. Бұл дисциплина Ресейде негізі қаланып, бүгінде Қазақстанда және Еуропа елдерінде белсенді түрде дамып келеді. Қазақстандық спортшылар халықаралық жарыстарға тұрақты қатысып, бірнеше рет алтын медальдармен оралып жүр.

«Толпар» клубы Астанада 10 жылдан астам уақыт бойы табысты жұмыс істеп келеді. Сонымен қатар Алматы мен Теміртауда да филиалдары бар. Клуб осы спорт түрін дамыту мен насихаттауға өз үлесін қосып келеді.