Биылғы турнирдің жалпы жүлде қоры 9 415 725 долларды құрайды.
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина АҚШ-тың Майами қаласында өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирдің жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Ширек финалда Рыбакина америкалық Джессика Пегуламен кездесіп, үш сет қорытындысы бойынша 2:6, 6:3, 6:4 есебімен жеңіске жетті.
Биылғы турнирдің жалпы жүлде қоры 9 415 725 долларды құрайды. Жеңімпаз 1 151 380 доллар сыйақы алып, 1000 рейтингтік ұпайға ие болады.
Жартылай финалда Рыбакина Арина Соболенко (WTA №1) мен Хэйли Баптист (WTA №45) арасындағы жұптың жеңімпазымен кездеседі.