26.03.2026, 22:30

Жәнібек Әлімханұлына жаңа ұсыныс түсті

Фото: sports.kz

Спортшы Куба құрамасы сапында 2021 жылы және 2023 жылғы әлем чемпиноны атанған.

Кубалық кәсіпқой боксшы Йоэнлис Эрнандес орта салмақтағы WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлын жекпе-жекке шақырды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.   Фото: instagram.com/janibek_alimkhanuly Кубалық боксшы Fight Hype Youtube арнасына берген сұхбатында жоғары деңгейлі жекпе-жектерге дайын екенін мәлімдеді.

Йоэнлис Эрнандес алдағы жекпе-жектерде WBA әлем чемпионы Эрисланди Лара, WBC әлем чемпионы Карлос Адамес немесе WBO әлем чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы сияқты қарсыластарының болуы мүмкін екенін атап өтті. Сондай-ақ, ол IBF чемпионымен жұдырықтасуды да жоспарлайтынын айтты.

- Егер бізге мүмкіндік берілсе, біз Әлімханұлын қоса алғанда, кез келген чемпионмен жекпе-жекке шығуға дайынбыз, дейді спортшы. Айта кетерлігі, Йоэнлис Эрнандес кәсіпқой рингке 2022 жылы келіп, 9 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен.

Спортшы Куба құрамасы сапында 2021 жылы және 2023 жылғы әлем чемпиноны атанған.