$ 482.33  557.57  5.74

Сәтпаев пен Анарбековке қатысты жайсыз жаңалық шықты

Кездесу алдында команданың бірқатар негізгі ойыншысы алаңға шықпайтыны белгілі болды.с

Коллаж: ulysmedia.kz
Коллаж: ulysmedia.kz

Алматының «Қайрат» клубы Санкт-Петербургтің «Зенитіне» қарсы өтетін жолдастық матчқа арналған құрамын жариялады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы 1bol.kz-ке сілтеме жасап.

Кездесу алдында команданың бірқатар негізгі ойыншысы алаңға шықпайтыны белгілі болды.

Атап айтқанда, матчқа «сары-қаралар» көшбасшыларының бірі Дастан Сәтпаев, негізгі қақпашы Темірлан Анарбеков, сондай-ақ жарақатына байланысты және ұлттық құрамаларға шақырту алған бірнеше футболшы қатыса алмайды.

«Қайраттың» матчқа арналған өтінімі:

Қақпашылар:

Данила Буч

Бахтияр Адашев

Қорғаушылар:

Александр Мартынович

Луиш Мата

Лукас Африко

Дамир Қасаболат

Лев Кургин

Адлан Нұрғалиев

Мустафа Шен

Абдулазиз Мамедов

Жартылай қорғаушылар:

Дан Глезер

Себастьян Себальос

Әділет Садықбеков

Шыңғыс Дүйсенбек

Шабуылшылар:

Эдмилсон

Рикардиньо

Дәулет Орынбасар

Нилеш Шарма

Жолдастық кездесу 28 наурыз күні Санкт-Петербургтегі «Газпром Арена» стадионында өтеді. Ойын Астана уақытымен 21:00-де басталады.

Айта кетейік, «Зенит» сапында Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны, «Қайраттың» бұрынғы қорғаушысы Нұралы Әліп өнер көрсетеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0