$ 481.83  556.8  5.85

«Кез-келген көмек маңызды»: Самат Смақов футбол жейдесін аукционға  шығарды

Басымызға қиын жағдай түсті.

Фото: коллаж Sn.kz
Фото: коллаж Sn.kz

Қазақстандық танымал футболшы, кейінгі кезде бапкерлікпен айналысып  жүрген Самат Смақов өзінің футбол жейдесін аукционға шығарды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Ол дертке шалдыққан Олжас Мырзамұратқа көмектеспек.

«Достар, біздің бауырымыздың басына қиын жағдай түсті. Олжас Мырзамұрат — Қазақстан футбол федерациясының, «Тараз» және «Қайрат» клубтарының бұрынғы қызметкері — ақпан айында ауыр инсульт алды. Қазір жағдайы күрделі, және ол біздің көмегімізге мұқтаж. Мен Португалия құрамасына қарсы, Криштиану Роналдумен ойнаған кезде киген Қазақстан құрамасының жейдесін аукционға қоямын. Түскен барлық қаражат Олжасқа көмек ретінде жіберіледі. Бағаларыңызды пікірге жазыңыздар — ең жоғары баға ұсынған адам жеңімпаз болады. Кез келген көмек маңызды», - деп жазған ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0