Пәтерді табыстау рәсімі құрылыс компаниясының кеңсесінде өтті.
Қазақстандық паралимпиадашы Ербол Хамитов Астанадан екі бөлмелі пәтерге ие болды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Бұл сыйлық оған Италияда өткен 2026 жылғы қысқы Паралимпиада ойындарындағы жеңісінен кейін табысталды. Спортшы парабиатлоннан 4,5 шақырым қашықтықта алтын медаль жеңіп алып, 9 минут 39 секунд нәтижесін көрсеткен.
Пәтерді табыстау рәсімі құрылыс компаниясының кеңсесінде өтті. Компания өкілдерінің айтуынша, бұл шешім спортшыға деген құрметтің және оның паралимпиадалық спортты дамытуға қосқан үлесін мойындаудың белгісі.
Айта кетейік, бұл сыйлық Ербол Хамитовтың халықаралық аренадағы жоғары жетістіктерінің нәтижесі ретінде берілді.