Спортшы бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялап, алдағы жоспарларымен бөлісті.
Қазақстандық ММА жұлдызы Еркебұлан Тоқтар өзбекстандық файтер Абдумалик Ербутаевпен жекпе-жек өткізуге ниетті екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Спортшы бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялап, алдағы жоспарларымен бөлісті.
Еркебұлан Тоқтардың айтуынша, бастапқыда оны «Голд» лақап атымен танылған өзбекстандық спортшы Шахзод Узоков жекпе-жекке шақырған. Алайда қарсыласының сотталуына байланысты бұл кездесу өтпей қалған.
Осыған байланысты қазақстандық файтер енді Узоковтың жақын досы Абдумалик Ербутаевпен октагонда күш сынасуды жөн көргенін жеткізді.
Өз кезегінде Ербутаев та бұл ұсынысқа оң көзқарас білдіріп, жекпе-жекке шығуға дайын екенін мәлімдеді.
Айта кетейік, бұған дейін Ташкентте өткен турнир барысында Шахзод Узоков Еркебұлан Тоқтарға ашық түрде айқасқа шақырту жасаған еді.