Жекпе-жек толық он раундқа созылды.
Таразда өткен RD Promotion бокс кешінің басты кездесуінде қазақстандық Әлішер Әбдуәлім Қытайдан келген этникалық қазақ Есболат Серікпен (5-1, 3 КО) жұдырықтасты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Prosports.kz спорттық порталының мәліметінше, бұл кездесуде боксшылар бос тұрған WBA Asia титулына таласты.
Жекпе-жек толық он раундқа созылды. Әбдуәлім төрешілер шешімімен жеңіске жетті.