29.03.2026, 21:30

Қазақстандық боксшы WBA Asia титулының иегері атанды

Фото: prosports.kz

Жекпе-жек толық он раундқа созылды.

Таразда өткен RD Promotion бокс кешінің басты кездесуінде қазақстандық Әлішер Әбдуәлім Қытайдан келген этникалық қазақ Есболат Серікпен (5-1, 3 КО) жұдырықтасты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Prosports.kz спорттық порталының мәліметінше, бұл кездесуде боксшылар бос тұрған WBA Asia титулына таласты. 

Жекпе-жек толық он раундқа созылды. Әбдуәлім төрешілер шешімімен жеңіске жетті.