30.03.2026, 16:00

Ойыннан қуылған Шерхан Қалмырзаның анасы жанайқайын айтты (ВИДЕО)

Коллаж: sn.kz

Осыдан кейін Шерханның анасы болған оқиғаға қатысты өз пікірін білдірді. 

Румынияның Буфта қаласында өткен Еуро-2026 турнирінің U-19 құрамалары арасындағы элиталық іріктеу кезеңінде Қазақстан жастары Украинаға 0:3 есебімен есе жіберді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Шерхан Қалмырза Украинаға қарсы ойында алаңнан қуылды (ВИДЕО)

Матчтың шешуші сәті 30-минутта орын алды: қақпашы Шерхан Қалмырза айып алаңы сыртында қарсылас шабуылшысын тоқтатып, қызыл қағаз алды.

Осыдан кейін Шерханның анасы болған оқиғаға қатысты өз пікірін білдірді. 

"Осындай маңызды ойындар елге көрсетілуі керек. Даулы сәттер туындағанда бейнеқайталау арқылы төреші шешімінің қаншалықты әділ болғанын анық көруге болар еді", – деді Сәуле ханым ашынып. 

Тегтер: футбол спорт