31.03.2026, 16:00

Әбиба Абужақынова танымал брендтің амбассадоры атанды

Фото: Дзюдо федерациясының баспасөз қызметі

Әбиба Абужақынова Ippon Gear брендімен келісім-шартқа отырған алғашқы қазақстандық спортшы. 

Қазақстандық дзюдошы Әбиба Абужақынова неміс бренді Ippon Gear-мен келісімшартқа отырды. Әбиба аталмыш компанияның амбассадоры болу үлкен құрмет пен жауапкершілік екенін атап өтті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

«Мен үшін Ippon Gear  спортшысы болу үлкен құрмет пен жауапкершілік. Бұл бренд сапа, күш және дзюдода шынайы рухты білдіреді», - деді Әбиба. 

Сондай-ақ компанияның ресми парақшасы Әбиба жайлы ерекше жазба қалдырды: 

«Біз Әбибаны Қазақстаннан шыққан алғашқы спортшы ретінде командамызға қосылғанын мақтан тұтамыз. Оның табандылығы, төзімділігі және чемпиондық ойлау қабілеті оны команданың тамаша мүшесіне айналдырады», - делінген компанияның ресми парақшасында. 

Айта кетейік, Ippon Gear 2016 жылы Абенсбергте құрылған, дзюдоға арналған жоғары сапада жабдық өндіретін неміс бренді. 2018 жылдан бері ол IJF (Халықаралық дзюдо федерациясының) және EJU (Еуропа дзюдо одағының) ресми серіктесі және кәсіби спортшылар мен әуесқойлар үшін жоғары сапалы кимоно шығарады. Бренд спортшылардың дәстүрлерін және қазіргі заманғы қажеттіліктерін ескере отырып жұмыс істейді.