$ 475.09  551.06  5.87

«Барселона» сапына ауысқан қазақ баласының анасы ұлына қатысты пікір білдірді

Қазіргі таңда жас ойыншы каталониялық клуб жүйесінде бірнеше жаттығуға да қатысып үлгерген.

Фото: instagram.com/atyrauoil.official
Фото: instagram.com/atyrauoil.official

Қазақстандық жас футболшы Кәрім Меңдіқановтың каталониялық «Барселона» клубының жүйесіне өткені ресми түрде белгілі болды. Бұл туралы спортшының анасы Альбина Меңдіқанова Sports24.kz порталына берген сұхбатында айтты, деп жазады Sn.kz ақпарат порталы.

Оның сөзінше, трансфер толық аяқталған, енді 15 жастағы ойыншы алдағы маусымнан бастап «Барселона» құрылымында ресми түрде өнер көрсетеді.

"Кәрім бірнеше жылдан бері Испанияда футболмен шұғылданып жүр. Ол оң қанатта ойнайтын вингер ретінде ерекшеленіп, өткен маусымда «Серданьола» клубының намысын қорғаған. Сол уақытта болашағы зор шабуылшы ретінде бағаланған. Ал биыл жылдың басында «Сан-Кугат» командасына ауысып, қысқа мерзім ішінде негізгі құрам ойыншыларының біріне айналды", - деді анасы. 

Атап айтқанда, дәл осы «Сан-Кугаттағы» кезең оның мансабында шешуші рөл атқарды. Жоғары деңгейдегі ойынының арқасында бірқатар беделді клубтардың назарына іліккен ол, ақырында «Барселона» ұсынысын қабылдады.

Қазіргі таңда жас ойыншы каталониялық клуб жүйесінде бірнеше жаттығуға да қатысып үлгерген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0