02.04.2026, 16:20

Үздік үштікте жоқ: Қазақ боксшылары әлемдік рейтингте төмен сырғыды

Фото: instagram.com/suleimen_promotions_official

Ал жартылай орта салмақта WBA Asia чемпионы Руслан Мадиев өз орнын сақтап, рейтингте 10-сатыда қалды.

Дүниежүзілік бокс қауымдастығы (WBA) барлық салмақ дәрежелері бойынша жаңартылған рейтингін жариялады. Жаңа тізімде бірқатар қазақстандық боксшылардың позициясы төмендегені байқалды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. Мәселен, екінші орта салмақта өнер көрсететін Бек Нұрмағанбет бұрынғы 9-орыннан 11-сатыға сырғыды. Ал екінші жартылай жеңіл салмақтағы Сұлтан Зауырбек үздік үштіктен шығып қалып, қазір 4-орынға түсті. Айта кетейік, Сұлтан Зауырбек бұған дейін WBO рейтингінде де төмендеген болатын. Ал жартылай орта салмақта WBA Asia чемпионы Руслан Мадиев өз орнын сақтап, рейтингте 10-сатыда қалды.