03.04.2026, 12:00

Төрехан Сабырхан бокстан Азия чемпионатының жартылай финалына өтті

Фото: Бокс Федерациясы

Үш раундтың қорытындысы бойынша Төрехан 4:1 есебімен жеңіске жетті.

Қазақстандық боксшы Төрехан Сабырхан Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен ширек финалда отандасымыз тәжікстандық Шамшер Саидовқа қарсы шаршы алаңға шықты.

ҚР ҰОК мәліметінше, үш раундтың қорытындысы бойынша Төрехан 4:1 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша Төрехан Сабырхан кем дегенде қола жүлдені өзіне қамтамасыз етті.

Айта кетейік, бұған дейін 1/4 финалға Оразбек Асылқұлов (60 келіге дейін) пен Ертуған Зейнуллинов (65 келіге дейін) өткен еді.

Азия чемпионаты ширек финалына 21 елдің боксшылары шықты.

Бокстан Азия чемпионатында аса ауыр салмақта төрт қазақ сынға түсіп жатыр.