04.04.2026, 14:30

Бибісара Асаубаева Үміткерлер турнирінде төртінші орынға сырғыды

Фото: gov.kz

Бес тур қорытындысы бойынша Бибісара 2,5 ұпаймен турнирлік кестеде төртінші орынға сырғыды.

Бибісара Асаубаева Кипрдің Пафос қаласында өтіп жатқан 2026 жылғы Үміткерлер турнирінің бесінші турында ресейлік Екатерина Лагнодан жеңілді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Осыған дейін төртінші турда отандасымыз Қытай өкілі, классикалық шахматтан экс-әлем чемпионы Тань Чжунъимен тең түсіп, әрқайсысы 0,5 ұпайдан еншілеген болатын.

Бес тур қорытындысы бойынша Бибісара 2,5 ұпаймен турнирлік кестеде төртінші орынға сырғыды. Қазіргі таңда көш басында 3 ұпайы бар украиналық Анна Музычук тұр. Келесі турда қазақстандық шахматшы үндістандық Дивья Дешмухпен кездеседі. 2026 жылғы үміткерлер турнирі 28 наурыз бен 16 сәуір аралығында өтуде.

Жарыс жеңімпазы қазіргі әлем чемпионы, қытайлық Цзюй Вэньцзюньмен әлем чемпионы атағы үшін матч өткізу құқығына ие болады. Сондай-ақ 1-орын иегері 28 000 еуро, 2-орын иегері 17 000 еуро, ал 3-орын иегері 8600 еуро сыйақы алады.