07.04.2026, 22:30

8 боксшы финалда: Қазақ боксшыларының Азия чемпионатындағы қарсыласы анықталды

Фото: Ұлттық олимпиадалық комитеті

Финалдық жекпе-жектер 9-10 сәуір күндері өтеді. 9 сәуір күні бұрымды боксшыларымыз алтын медальді сарапқа салса, 10 сәуір күні ерлер арасында ақтық сындар өтеді.

Моңғолия астанасы Ұланбатыр қаласында бокстан өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының финалдағы қарсыластары толығымен белгілі болды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Финалдық жекпе-жектер 9-10 сәуір күндері өтеді. 9 сәуір күні бұрымды боксшыларымыз алтын медальді сарапқа салса, 10 сәуір күні ерлер арасында ақтық сындар өтеді.

Қазақстан құрамасынан финалға кімдер шықты:

Ерлерден;

60 келі - Оразбек Асылқұлов

70 келі - Төрехан Сабырхан

75 келі - Сабыржан Аққалықов

85 келі - Нұрбек Оралбай

+90 келі - Айбек Оралбай

Әйелдерден;

70 келі - Бақыт Сейдеш

80 келі - Надежда Рябец

+80 келі - Дина Исламбекова

Финалдағы қарсыластарымыз кімдер?

9 сәуір (әйелдер):

70 келі - Бақыт Сейдеш – Арундхати Чоудхари (Үндістан)

80 келі - Надежда Рябец – Рухшона Парпиева (Өзбекстан)

+80 келі - Дина Исламбекова – Патан (Үндістан)

10 сәуір (ерлер):

60 келі - Оразбек Асылқұлов – Сачин (Үндістан)

70 келі - Төрехан Сабырхан – Зияд Ешааш (Иордания)

75 келі - Сабыржан Аққалықов – Жавохир Абдурахимов (Өзбекстан)

85 келі - Нұрбек Оралбай – Жасурбек Юлдошев (Өзбекстан)

+90 келі - Айбек Оралбай – Данабек Байғазы (Қытай).