09.04.2026, 21:30

«50 миллион кетті»: Еркебұлан Тоқтар жаңа іс бастағанын айтты

Фото: tokburger_official парақшасынан

Ол әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа жобаға үш ай уақыт пен 50 миллион теңге жұмсалғанын айтты.

Еркебұлан Тоқтар жаңа бизнесін таныстырды Спортшы әрі актер Еркебұлан Тоқтар жаңа бизнес бастағалы жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Ол әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа жобаға үш ай уақыт пен 50 миллион теңге жұмсалғанын айтты. Желіде жарияланған жазбада Еркебұлан Тоқтар бургер бизнесін іске қосуға дайын екенін аңғартқан.

«3 ай уақыт және 50 млн теңге жұмсалды. Біз ашылуға дайынбыз ал сіздер шееее деп қоясың ғой», – деп жазды ол.

Жарияланымнан спортшының TOK burger атауымен жаңа жоба бастағаны байқалады. Кадрларда брендтің қаптамалары мен тағам өнімдері көрсетілген. Желі қолданушылары жаңа бастамаға сәттілік тілеп, кәсіптің сәтті болуына тілектестік білдіріп жатыр.