10.04.2026, 14:40

Азия чемпионаты: Еліміз командалық есепте көш бастады

Коллаж: Dopmedia.kz

Айта кетейік, Азия чемпионатында ағайынды Оралбайлар чемпион атанса, ағайынды Сабырхандардың бірі - қола, бірі - күміс алды. 

Бокстан Қазақстан құрамасы Азия чемпионатын жемісті аяқтады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы спорт журналисті Аслан Қаженов мәлімдеді. 

"ҚАЗАҚСТАН ТОП БАСЫНДА! Моңғолия астанасы Ұланбатыр қаласында бокстан Азия чемпионаты аяқталды. Қазақ қыз-жігіттері 13 медаль жеңіп алып, жалпы командалық есепте бірінші орынға шықты! Жеңіс құтты болсын! Алға, Қазақстан!", - деп жазды ол. 

Айта кетейік, Азия чемпионатында ағайынды Оралбайлар чемпион атанса, ағайынды Сабырхандардың бірі - қола, бірі - күміс алды.