10.04.2026, 17:00

Теннисші Зарина Дияс кәсіби мансабын аяқтады (ВИДЕО)

Фото: ҰОК

Әлемдік рейтингіде 31-орынға дейін көтерілді.

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс өзінің кәсіби мансабын аяқтағаны жөнінде жария етті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

З.Диястың Instagram әлеуметтік желісінде жазғанындай, ол кішкентай күнінен әлемдік аренада өнер көрсетуді арман етті.

Теннисші халықаралық жарыстарда жылдар бойы өз шеберлігін паш етті. Соның ішінде 2014 және 2015 жылдары Уимблдон турнирінің төртінші айналымына дейін жетті. Жапонияда өткен WTA 250 турнирінде топ жарды.

Әлемдік рейтингіде 31-орынға дейін көтерілді.

Дүниежүзілік додаларда, соның ішінде Олимпиадада Қазақстан намысын қорғады.

Теннисші өзінің отбасына, анасы мен апасына, бапкерлеріне, демеушілерге, Қазақстан теннис федерациясына алғысын айтты.