10.04.2026, 17:40

«Бағымыз жанбады»: Алтынсыз қалған Сабырхандар жазба жариялады (ФОТО)

Фото: sabyrkhan_makhmud парақшасынан

Сондай-ақ Төрехан Сабырхан жарыста топ жарған спортшыларды құттықтап, алдағы бәсекелерге сенім білдірді.

Боксшы Төрехан Сабырхан Азия чемпионатындағы нәтижеге қатысты пікір білдіріп, жанкүйерлеріне алғыс айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. Спортшының айтуынша, Ұланбатырда өткен Азия чемпионаты аяқталып, өзі қола жүлдегер атанса, Төрехан күміс медаль иеленген.

«Әрине, бұл Сабырхандардан күткен нәтиже емес еді. Бабымыз жанғанымен, бағымыз жанбады. Бұл да біз үшін үлкен сабақ болады. Алда әлі талай еңбектеніп, еліміздің көк туын әлемде көтеру үшін тер төгеміз. Бізді қолдаған баршаларыңызға мың рақмет! Сабырхандардың сағы сынбайды!» – деп жазды ол.

Сондай-ақ Төрехан Сабырхан жарыста топ жарған спортшыларды құттықтап, алдағы бәсекелерге сенім білдірді.

«Бұл біріншілікте топ жарған қыз-жігіттерді құттықтаймын. Бұл жолы ағайынды Оралбай Айбек, Нұрбек бауырларымыз чемпион болды, келесі жолы 4 чемпион боламыз», – деді боксшы.

Айта кетейік, бұған дейін Ұланбатырдағы Азия чемпионатында қазақстандық боксшылардың бірқатары жүлдеге ие болғаны хабарланған еді.

Тегтер: бокс спорт