19.04.2026, 17:30

Азия чемпионаты: Дзюдошылар командалық есепте екінші орынға тұрақтады

Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Финалда отандастарымыз Моңғолия құрамасына жол берді.

Қазақстан құрамасы дзюдодан 2026 жылғы Ордоста (ҚХР) өтіп жатқан Азия чемпионатында аралас командалық жарыста күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Финалда отандастарымыз Моңғолия құрамасына жол берді.

Жалпы командалық есеп:

1-орын – Моңғолия

2-орын – Қазақстан

3-орын – Қырғызстан, Корея

Азия чемпионатының күміс жүлдегерлері атанған Ұлттық құрама сапында:

Дана Әбдірова (-57 кг), Ажар Асхат (-70 кг), Аида Тойшыбекова (+70 кг), Ануар Жұмагелдин (-73 кг), Айдар Арапов (-90 кг), Ғалымжан Қырықбай (+90 кг) өнер көрсетті.

Бұған дейін жекелей сайыстар қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 5 медаль жеңіп алып, үздік ондыққа енген еді. Команда сапында жүлде алған спортшылар:

🥇 Әділет Алмат (-81 кг) – төрт жылдан кейінгі алтын;

🥉 Эсмигүл Куюлова (-63 кг);

🥉 Аруна Жангелдина (-78 кг);

🥉 Абылайхан Жұбаназар (-81 кг);

🥉 Айдар Арапов (-90 кг)

Осылайша, дзюдодан Азия чемпионаты өз мәресіне жетті.