20.04.2026, 16:20

«Балаларымды әкесіз қалдырып»: Шавкат Рахмоновтың әйелі қайын сіңілісіне шүйлікті

Коллаж: sn.kz

Желіде тараған стористе ол ашулы үн қатып, қыздарының видеосына қатысты талап қойған.

Танымал файтер Шавкат Рахмоновтың жұбайы әлеуметтік желіде қайынсіңілісі Сора Рахмоноваға қарата жазба жариялап, көпшіліктің назарын аударды, - деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Желіде тараған стористе ол ашулы үн қатып, қыздарының видеосына қатысты талап қойған.

«@sora_rakhmonova қызымның видеосын өшір страницаңдағы! Бәрін жабылып балаларымды әкесіз қалдырып енді типа жақсы көріп қалдыңдар ма? Аулақ жүріңдер максимально бізден!!!», - деді