23.04.2026, 09:40

Қазақстандық киберспортшы Данил Голубенко Неймармен кездесті

Коллаж: Sn.kz

Фотосуреттерде Данил «Сантос» эмблемасы бар поло жейдесін киген.

Қазақстандық киберспортшы Данил Голубенко, molodoy лақап атымен танымал, Неймармен бірге түскен суреттерін жариялады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Фотосуреттерде Данил «Сантос» эмблемасы бар поло жейдесін киген.

Суреттердің бірінде Голубенко мен Неймар қабырғада ілулі тұрған Лионель Мессинің нөмірі бар Аргентина құрамасының жейдесінің жанында бірге суретке түскен.

Айта кетейік, соңғы жылдары Қазақстанда киберспорт жүйелі түрде дамып келеді және оған мемлекеттік әрі жекеменшік деңгейде қолдау көрсетілуде. Елімізде арнайы федерациялар жұмыс істеп, турнирлер тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді.

Соның нәтижесінде қазақстандық ойыншылар халықаралық киберспорт аренасында да өз деңгейін дәлелдеп, әлемдік рейтингтерде көрініп жүр. Бірқатар отандық командалар ірі турнирлерде жоғары нәтижелер көрсетіп, Қазақстанның киберспорттағы беделін нығайтуда.