$ 464.86  544.03  6.14

Бокстан Әлем кубогы: Ел қоржынына алғашқы алтын түсті (ВИДЕО)

Жекпе-жек тартысты өтіп, Графеева өз шеберлігі мен басымдығын айқын көрсетті.

Фото: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі
Фото: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі

Қазақстандық боксшы Виктория Графеева Бразилияда өтіп жатқан World Boxing Cup турнирінде алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Отандасымыз 60 келіге дейінгі салмақта финалда бразилиялық Ребека Сантосты жеңіп, Қазақстан қоржынына алғашқы кезеңнің алтынын салды. Жекпе-жек тартысты өтіп, Графеева өз шеберлігі мен басымдығын айқын көрсетті. Осылайша, қазақстандық спортшы World Boxing Cup додасының алғашқы кезеңінде чемпион атанып, ел мерейін үстем етті.

Айта кетейік, турнир Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында өтіп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0