$ 463.41  546.27  6.18

Қазақстан хоккей құрамасы әлем чемпионатында тарихи жетістікке жетті

Матчтың негізгі уақыты 1:1 есебімен тең аяқталд

Фото: Қазақстан хоккей федерациясы
Фото: Қазақстан хоккей федерациясы

Қазақстанның ерлер хоккей құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының IA дивизионын жеңіспен аяқтап, элиталық дивизионға жолдама алды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Польшаның Сосновец қаласында өткен турнирдің соңғы турында Талғат Жайлауов жаттықтыратын ұлттық құрама Франция құрамасымен кездесті.

Матчтың негізгі уақыты 1:1 есебімен тең аяқталды. Франциялықтар сапынан 46-минутта Флавиан Дер мергендік танытса, қазақстандықтар құрамында 51-минутта Дмитрий Бреус есепті теңестірді. Оған нәтижелі пасты Эдуард Михайлов пен Ансар Шайхмедденов берді.

Овертаймда жеңімпаз анықталмаған соң, кездесу буллиттер сериясына ұласты. Бұл сында қазақстандық хоккейшілер үш мүмкіндіктің үшеуін тиімді пайдаланып, қарсыластарынан басым түсті. Француздар екі буллитті ғана сәтті орындады.

Роман Старченко екі мәрте дәл соққы жасап, жеңіске үлкен үлес қосты. Қақпашы Андрей Шутов матч барысында қақпаға бағытталған 26 соққының 25-ін қайтарды.

Осылайша Қазақстан құрамасы турнирдегі бес матчтың бәрінде жеңіске жетіп, 15 мүмкін ұпайдың 13-ін еншіледі. Нәтижесінде ұлттық құрама IA дивизионында бірінші орын алып, келесі жылы әлем чемпионатының элиталық дивизионында өнер көрсететін болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0