Шешуші белдесу 1:0 есебімен Байқамуровтың жеңісімен аяқталды.
Қазақстандық дзюдошы Марат Байқамуров Астанада өтіп жатқан Grand Slam турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Отандасымыз 100 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында молдовалық Вадим Гимбовскимен алтын медаль үшін белдесті.
Шешуші белдесу 1:0 есебімен Байқамуровтың жеңісімен аяқталды.
Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында екі алтын медаль бар. Бұдан бұрын Жалғас Қайролла (81 келіге дейін) жеңімпаз атанған еді.