Сондай-ақ роликте әр жылдардағы әлем чемпионаттарының ресми доптары көрсетілген.
Колумбиялық әнші Шакира 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының ресми әнін ұсынды. Бұл туралы Sn.kz ақпарат порталы Reuters агенттігіне сілтеме жасап хабарлады.
«Dai Dai» деп аталатын композиция нигериялық орындаушы Burna Boyмен бірлесіп жазылған. Әннің ресми тұсаукесері 14 мамырға жоспарланған.
Шакира бұған дейін де әлем чемпионаттарының музыкалық бағдарламаларына бірнеше рет қатысқан. 2010 жылы ол орындаған Waka Waka (This Time for Africa) әлем чемпионаттары тарихындағы ең танымал әндердің біріне айналған еді.
Сонымен қатар әнші 2006 және 2014 жылғы турнирлер аясында Hips Don’t Lie және La La La (Brazil 2014) әндерін орындап, футбол әлеміндегі ең танымал музыкалық тұлғалардың бірі болды.
Жаңа әннің анонсын Шакира әлеуметтік желідегі парақшасында жариялап, Бразилиядағы Маракана стадионынан түсірілген бейнероликпен бөлісті.
Видеода әнші әртүрлі ұлттық құрамалардың формасын киген бишілермен бірге көрінеді. Сондай-ақ роликте әр жылдардағы әлем чемпионаттарының ресми доптары көрсетілген.
Еске салайық, 2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Канада және Мексика аумағында өтеді. Турнир тарихында алғаш рет оған 48 құрама қатысады.