13.05.2026, 16:40

«Қарапайым екен»: футболшы Луиш Нани ақтөбелік балаларды жаттықтырды (ВИДЕО)

Коллаж: sn.kz

Бұл туралы ол 2,6 млн оқырманы бар парақшасында жазды. 

Португалиялық футболшы Луиш Нани Ақтөбедегі ерекше сәтпен бөлісті. Ол жергілікті балалармен бірге футбол ойнап, бұл кездесудің қалай өткенін әлеуметтік желіде жазды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы ол 2,6 млн оқырманы бар парақшасында жазды. 

“Бұл жай ғана ұлыммен жаттығу болуы керек еді... бірақ ол тұтас бір командаға айналып кетті”, – деп жазды футболшы.

Желі қолданушылары Нанидің қарапайымдылығы мен балаларға деген жылы қарым-қатынасына тәнті болды. Ақтөбелік жас футболшылар үшін бұл күн ұмытылмас сәтке айналды.

"Өзіміздікі болып кетіпті ғой", "Роналду көрмесін мына видеоны", "Қарапайым екен", "Міне, мотивация", "Нани, жарайсың", деп желі қолданушылары түрлі пікір жазды.