13.05.2026, 18:20

Юлия Путинцева Париждегі турнирдің ширек финалына шықты

Фото: WTA

Кездесу 1 сағат 10 минутқа созылды.

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Франция астанасы Парижде өтіп жатқан WTA 125 санатындағы турнирдің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Әлемдік рейтингте 77-орында тұрған Путинцева 1/8 финалда украиналық Вероника Подрезбен кездесті. Матчта қазақстандық спортшы айқын басымдық танытып, қарсыласын екі сетте — 6:4, 6:0 есебімен жеңді. Кездесу 1 сағат 10 минутқа созылды.

Осылайша, Вероника Подрез жарысты аяқтаса, Юлия Путинцева турнирдің ширек финалына шықты. Келесі кезеңде ол франциялық Диан Парри мен Хлоэ Паке арасындағы матч жеңімпазымен кездеседі.