$ 474.04  555.01  6.45

Қазақстан боксшылары Азия чемпионатын үшінші орынмен аяқтады

Қазақ боксшылары құрлық біріншілігінде 24 медаль жеңіп алды

Фото: ҚБФ
Фото: ҚБФ

Қазақстан құрамасы Ташкентте өткен бокстан 15 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатын жалпы есепте үздік үштікпен аяқтады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Қазақ боксшылары құрлық біріншілігінде 24 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 7 алтын, 8 күміс және 9 қола жүлде бар.

Жалпыкомандалық есепте бірінші орынды Өзбекстан құрамасы иеленді. Алаң иелері 13 алтын, 8 күміс және 6 қола медаль алды. Екінші орын Үндістанға бұйырды. Үнді боксшылары 9 алтын, 6 күміс және 12 қола медаль еншіледі.

Қазақстанның ұлдар құрамасы 10 жүлде жеңіп алды. Оның бесеуі алтын медаль болды. Азия чемпионы атанғандар:

  • Бейбарыс Қойшыбай (43 келі)
  • Нұрислам Бақтубаев (55 келі)
  • Рауан Тоғызбай (61 келі)
  • Аманжан Жанай (67 келі)
  • Аян Бауыржан (70 келі)

Ал қыздар құрамасы 14 медаль жеңіп алды. Оның екеуі алтын, бесеуі күміс, жетеуі қола жүлде. Қыздар арасында Самал Төлепберген (52 келі) мен Нұргүл Сахи (67 келі) Азия чемпионы атанды.

Айта кетейік, Ташкенттегі Азия чемпионаты World Boxing ұйымының қолдауымен U-15 және U-17 жас санаттары бойынша өтіп жатыр. Жарыс 15 мамыр күні аяқталады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0