15.05.2026, 10:40

Роналду футбол көрсетілімін жаңа деңгейге шығармақ (ФОТО)

Фото: Instagram/Cristiano

Спортшы Instagram-парақшасында LiveModeTV жобасымен жұмыс істейтінін мәлімдеді.

Әлемге әйгілі футболшы Криштиану Роналду жаңа серіктестігін жариялады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. Спортшы Instagram-парақшасында LiveModeTV жобасымен жұмыс істейтінін мәлімдеді.

“Біз Криштиану Роналдудың LiveModeTV-дің жаңа серіктесі болғанын мақтанышпен хабарлаймыз. Біз бірге тікелей футбол көрсетілімін YouTube-та жаңа форматта ұсынамыз, мұнда басты назар жанкүйерлерге аударылады”, – делінген жазбада.

Желі қолданушылары футболшының жаңа жобасына қызығушылық танытып, жазба аз уақыт ішінде 868 мыңнан астам лайк пен мыңдаған пікір жинаған.