15.05.2026, 14:20

«Бір Құдай сақтады»: Актер Еркебұлан Тоқтар жол апатына ұшырады

Фото: видео скриншот

Дөңгелекпен тидім-ау деймін.

Еркебұлан Тоқтар жол апатына түсті. Спортшының айтуынша, ол бұл жағдайды сақ болу керек екені туралы белгі ретінде қабылдаған, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

30 жастағы файтер Instagram-да жол апатның салдары түсірілген видео жариялады. Видеодан ол мотоциклімен автокөлікке соғылып, оған зақым келтіргені байқалады.

Тоқтардың өзі мен көлік құралы айтарлықтай зардап шекпеген.

"Дөңгелекпен тидім-ау деймін... Маған ештеңе болмапты, жеңіл-желпі жарақат! Аға, кешірші, шынымен, әдейі істеген жоқпын", - дейді ол көлік жүргізушісімен сөйлескен сәтінде.

Кейінірек Тоқтар жол апаттан кейінгі ойын бөліскен видео жариялады.

"Бүгін Құдай сақтады. Бүгінгі болған жағдайды мен былай түсіндім: "Азартына кірме Еркебұлан", деді ғой Аллаһ Тағала. Жай көрсетті маған, міне мынадай болады... авария қалай болғанын түсінбей қаласың деп... Мотоциклмен арасында, көлік аз кезде бір айналып келгенге болады. Азартына кіріп бара жатқан едім негізі. Күнде мініп жүргенмін, көлікке мүлде отырмай қойдым. Байыппен, ақырын жүру керек екен", - деді спортшы.

Айта кетейік, оқиға орнына полиция қызметкерлері шақырылды ма және екінші жүргізушімен мәселе қалай шешілгені белгісіз.