$ 474.04  555.01  6.45

«Құны – 120 миллион теңге»: Михаил Шайдоровқа Алматыдан пәтер тарту етілмек

Қала әкімдігі жариялаған мемлекеттік сатып алу құжаттарына сай, баспана Алматының орталық бөлігінен берілуі керек. 

Фото: ҰОК
Фото: ҰОК

Сондай-ақ, мәнерлеп сырғанаушыға табысталатын пәтер 2025 жылдан ерте пайдалануға берілмеген жаңа нысан болуы міндетті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Құжатта тұрғын үйге қойылатын нақты талаптар көрсетілген. Оның аумағы 110 мен 120,5 шаршы метр аралығында және кемінде 3 бөлмеден тұруы қажет. 

Сатып алуды Алматы қаласы әкімдігіне қарасты коммуналдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы басқармасы жүргізіп жатыр. Әкімдік өкілдері бұл шешімнің спортшының халықаралық аренадағы жетістігіне көрсетілген құрмет екенін айтады. Олардың мәліметінше, пәтер құны Алматыдағы бастапқы нарықтағы бағаға жүргізілген талдау негізінде анықталған. 

Жаза кеткен жөн, Михаил Шайдоров 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасына алтын медаль сыйлап, ел спорты тарихындағы тарихи жүлдеге қол жеткізді. 

Осыған дейін спортшы әлемдік додадағы жеңісі үшін мемлекеттен 250 мың АҚШ доллары көлемінде сыйақы алды. Сондай-ақ, оған  үш бөлмелі пәтер, автокөлік және ақшалай сертификат табыстаған еді. 

Ал әнші Димаш Құдайберген мен бірқатар кәсіпкер чемпионға көлік мінгізді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0