Осы дауға байланысты WBA чемпионы Эрисланди Ларамен өтуі тиіс біріктіру жекпе-жегі де тоқтатылды.
Қазақстандық боксшы, орта салмақтағы WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы әлеуметтік желіде жаңа жазба жариялады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
1bol.kz мәліметінше, былғары қолғап шебері Instagram парақшасында 2024 жылдың күзінде жаңа зеландиялық боксшы Андрей Михайловичпен өткен жекпе-жекті жариялаған. Ол кездесуде Әлімханұлы қарсыласын оныншы раундта нокаутпен жеңген болатын.
«Рингті сағындым», — деп жазды қазақстандық спортшы.
Қазіргі таңда Жәнібек Әлімханұлы мельдонийге қатысты оң нәтиже көрсеткен допинг сынамасына байланысты 2026 жылдың желтоқсанына дейін дисквалификацияланған. Сондай-ақ ол IBF белбеуінен айырылды. Боксшының командасы тыйым салынған препараттың ағзаға байқаусызда түскенін мәлімдеген.
Осы дауға байланысты WBA чемпионы Эрисланди Ларамен өтуі тиіс біріктіру жекпе-жегі де тоқтатылды.
Соған қарамастан, WBO ұйымы қазақстандыққа чемпион мәртебесін сақтап қалуға мүмкіндік берген. Алайда ұйым оның дисквалификациядан кейінгі алғашқы айқасы міндетті титул қорғау кездесуі болуы тиіс деген шарт қойған. Оның қарсыласы – уақытша чемпиондық белбеу иегері Дензел Бентли.