$ 470.17  547.47  6.42

«Спортшының білімді болуы өте маңызды»: Жәнібек Әлімханұлы Рахмонов және Ахмедовпен кездесті

"Павлодарға арнайы қонақ болып барып, Рымтай Ізбастин атамызды еске алуға арналған турнирге қатысып қайттық". 

Фото: instagram.com/janibek_alimkhanuly
Фото: instagram.com/janibek_alimkhanuly

Қазақстандық кәсіпқой боксшы, орта салмақтағы WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлы әлеуметтік желіде жаңа жазба жариялады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы 1bol.kz сілтеме жасап. 

«Qazaq Style» лақап атымен танымал боксшы Instagram парақшасында UFC жұлдызы Шавкат Рахмонов және кәсіпқой боксшы Садриддин Ахмедовпен бірге түскен суретін жариялады. 

«Павлодарға арнайы қонақ болып барып, Рымтай Ізбастин атамызды еске алуға арналған турнирге қатысып қайттық. Жоғары деңгейде өтті! Жарыстың ерекше ұнаған тұсы жеңімпаздардың барлығына оқу гранты табысталды. Спортшының білімді, сауатты болуы өте маңызды! Барлығына тек сәттілік!», – деп жазды Жәнібек Әлімханұлы.

Айта кетейік, қазіргі таңда Жәнібек Әлімханұлы допинг сынамасынан тыйым салынған зат табылуына байланысты дисквалификация мерзімін өтеп жатыр. Қазақстандық боксшының рингке оралуы биылғы желтоқсан айына жоспарланып отыр. Ол WBO тұжырымы бойынша уақытша чемпион, британдық Дензел Бентлиге қарсы жекпе-жек өткізуі мүмкін.

Ал Садриддин Ахмедов соңғы ресми кездесуін 2025 жылдың 19 сәуірінде өткізіп, мексикалық Элиас Эспадаспен тең түскен еді. Он раундқа созылған жекпе-жекте төрешілер көпшілік дауыспен тең нәтиже тіркеген.

Өз кезегінде Шавкат Рахмонов тізесіндегі жарақаттың асқынуына байланысты жасалған операциядан кейін қалыпқа келу кезеңін жалғастырып жатыр. «Номад» соңғы рет 2024 жылдың желтоқсанында октагонға шығып, ирландиялық Иэн Гэрриді төрешілер шешімімен жеңген болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0