18.05.2026, 17:20

Қазақ футболшысы Нұралы Әліп Ресей чемпионы атанды (ВИДЕО)

Коллаж: sn.kz

Бұл оның Санкт-Петербург клубымен бірге алған төртінші чемпиондығы.

Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Нұралы Әліп Ресей Премьер-лигасында чемпион атанды. «Зенит» сапында өнер көрсететін қорғаушы клубымен бірге кезекті мәрте алтын жүлдені жеңіп алды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.  Қазақстан футбол федерациясы ойыншыны жеңісімен құттықтап, бұл оның Санкт-Петербург клубымен бірге алған төртінші чемпиондығы екенін атап өтті.

«Ұлттық құрама капитаны “Зенит” сапында Ресей Премьер-лигасының жеңімпазы атанды. Бұл – Нұралының Санкт-Петербург клубымен бірге жеңіп алған төртінші чемпиондығы», – деп жазды федерация.

Желі қолданушылары футболшыны құттықтап, Қазақстан футболының мақтанышы екенін жазып жатыр.