$ 471.93  548.43  6.61

Рыбакина Соболенконы шаң қаптырды

Бұдан бөлек, ол 2025 жылғы WTA қорытынды турнирінде топ жарып, WTA деңгейіндегі 13 титулды жеңіп алған.

Фото: WTA
Фото: WTA

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина 2026 жылғы маусымда ең көп жүлде қоры табыс тапқан теннисші атанды.

Жыл басынан бері әлемнің екінші ракеткасы турнирлерден 4,21 миллион доллар көлемінде табыс тапқан. Қазақстандық спортшының ең ірі қаржылай сыйақысы Australian Open турниріндегі тарихи жеңісінен түсті. Мельбурнда чемпион атанған Рыбакина 2,77 миллион доллар иеленді.

Сонымен қатар, Елена Индиан-Уэллс турнирінің финалына дейін жетіп, тағы 565 мың доллар жүлде қорын еншілеген.

Осы көрсеткіштің арқасында қазақстандық теннисші әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенконы артта қалдырды. Беларусь өкілі биылғы маусымда 4,07 миллион доллар табыс тапқан, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы 1bol.kz-ке сілтеп. 

2026 жылғы маусымда ең көп жүлде қоры иеленген теннисшілер тізімі:

  1. Елена Рыбакина - 4,21 миллион доллар
  2. Арина Соболенко - 4,07 миллион доллар
  3. Элина Свитолина - 2,82 миллион доллар
  4. Кори Гауфф - 2,66 миллион доллар
  5. Джессика Пегула - 2,6 миллион доллар

Айта кетейік, Рыбакина кәсіби мансабында жүлде қорынан жалпы 28,6 миллион доллардан астам табыс тапқан. Қазақстандық теннисшінің еншісінде «Үлкен дулыға» санатындағы екі чемпиондық бар - Уимблдон-2022 және Australian Open-2026.

Бұдан бөлек, ол 2025 жылғы WTA қорытынды турнирінде топ жарып, WTA деңгейіндегі 13 титулды жеңіп алған.

Жақында Рыбакина Римдегі турнирдегі өнерін аяқтады. Қазақстандық теннисші ширек финалда украиналық Элина Свитолинаға тартысты үш сетте есе жіберді - 6:2, 4:6, 4:6.

Енді Еленаның келесі басты жарысы – «Ролан Гаррос». Париждегі беделді турнирде қазақстандық спортшы екінші нөмірмен тіркеліп отыр. Негізгі кезең матчтары 24 мамыр мен 7 маусым аралығында өтеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0