Желі қолданушыларының еркін әрі позитивті пікірлері көптің көңілін көтеріп, Threads-та қызу талқыға түсті.
Футбол жұлдызы Криштиану Роналдудың сүйіктісі Джорджина Родригестің Threads желісінде жаңа жазба жариялап, көпшіліктің назарын аударды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. Алайда бұл жолы қолданушыларды Джорджинаның фотолары емес, пікірлер бөлімі таңғалдырған. Желі қолданушыларының арасында қазақша пікірлер қаптап кетіп, жазбаның астында ерекше атмосфера қалыптасты. Қазақ оқырмандары Джорджинаға: — “Сәлем жеңеше”, — “Қазақтар жиналып алған комментке”, — “Бонжур Жоржина”, — “Жаным жеңешем, киілмейтін киімдерді ауылға беріп жіберіңіз”, деп әзіл-қалжыңы аралас жылы лебіздерін қалдырған. Кейбірі тіпті Cristiano Ronaldoға әзілдеп “қызғанып қалмасын” деп пікір жазса, енді бірі футболшының отбасымен “құда-жекжаттай” сөйлескен. Желі қолданушыларының еркін әрі позитивті пікірлері көптің көңілін көтеріп, Threads-та қызу талқыға түсті.