$ 471.93  548.43  6.61

Қазақстандық жас теннисші Таиландта қола медаль жеңіп алды

Жартылай финалда Жәния Малайзия өкілі Анг Чжи Юйден 1:3 есебімен жеңілді. 

Фото: ҰОК
Фото: ҰОК

Қазақстан үстел теннисінен Таиландтың Бангкок қаласында өтіп жатқан WTT Youth Contender турнирінде жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

U13 жас санатында Жәния Бекмұхамбетова қола медаль жеңіп алды.

Жарыс барысында қазақстандық спортшы Фаннапат Чингсоньоенді (Таиланд) 3:0, Чен Этельді (Сингапур) 3:0, Мао Хлоуды (Сингапур) 3:0 және Асахи Кавагучиді (Жапония) 3:2 есебімен жеңді.

Жартылай финалда Жәния Малайзия өкілі Анг Чжи Юйден 1:3 есебімен жеңіліп, турнирді қола жүлдемен аяқтады.

Айта кетейік, бұған дейін Жәния Бекмұхамбетова Өзбекстанның Ташкент қаласында өткен WTT Youth Contender турнирінде чемпион атанған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0