Қазақстандық спортшыны туған ағасы Максим Головкин ертіп жүргені байқалады.
Геннадий Головкин бастаған Қазақстан ҰОК және World Boxing ұйымының өкілдері Мысырдың Гиза қаласында өтіп жатқан кәсіби бокс кешіне келді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Кештің басты оқиғаларының бірі — бұрынғы абсолют әлем чемпионы, украиналық Александр Усик пен нидерландтық кикбоксшы Рико Верхувен арасындағы жекпе-жек болмақ.
DAZN стриминг сервисінің Instagram-парақшасында Головкиннің бокс кешіне келу сәті жарияланды. Қазақстандық спортшыны туған ағасы Максим Головкин ертіп жүргені байқалады.
«Головкин келді. Қазір Гиза аңыздарға толы», — деп жазылған әлеуметтік желідегі жазбада.