$ 470.8  545.99  6.6

Аяғын ашық сындырып алған Ұлан Қонысбаев футболға қайта оралды

Ұлан Қонысбаев араға он жыл салып футбол алаңына қайта шықты.

Фото: @halyqstan
Фото: @halyqstan

Ауыр жарақаттан кейін үлкен футболдан қол үзіп қалған қазақстандық футболшы Ұлан Қонысбаев қайтадан жасыл алаңға оралды. “Тараз” командасының сапында өткен кездесуде жанкүйерлер оны ерекше ықыласпен қарсы алды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Ұлан Қонысбаев араға он жыл салып футбол алаңына қайта шықты. Бұл жаңалық тек Жамбыл өңірінде ғана емес, бүкіл елдегі футбол жанкүйерлері арасында үлкен қызығушылық тудырды.

Бірінші лиганың 7-туры аясында өткен “Тараз” – “Арыс” матчында жамбылдық тәжірибелі жартылай қорғаушы туған алаңында қайта өнер көрсетті. Команданың бас бапкері Руслан Есатов Қонысбаевты ойынның 83-минутында алаңға шығарып, стадиондағы көрермендер оны зор қошеметпен қарсы алды.

Қазақстан футболында Қонысбаевтың есімі ерекше құрметке ие. Ол өз кезеңіндегі ең үздік жартылай қорғаушылардың бірі ретінде танылды. Алайда 2016 жылы Қазақстан мен Қытай құрамалары арасындағы кездесуде ауыр жарақат алып, мансабы үзіліп қала жаздаған еді. Сол ойында футболшы оң аяғын ауыр жарақаттап, бірден ауруханаға жеткізілген болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0