25.05.2026, 23:30

«Қайраттың» жұлдызды ойыншысы мектеп бітірді (ВИДЕО)

Коллаж: sn.kz

Сондай-ақ клуб жас футболшыларға ақ жол тілеп, олардың биік белестерді бағындыруына тілектестік білдірді.

Алматылық «Қайрат» футбол клубының жас ойыншысы, жанкүйерлер ерекше үміт артып жүрген Дастан Сәтпаев мектеп бітірді. Бұл туралы клуб академиясы әлеуметтік желіде хабарлады, деп жазады Sn.kz ақпарат порталы.

Клуб мәліметінше, бүгін «Қайрат» футбол клубының ойыншылары мен тәрбиеленушілері үшін соңғы қоңырау соғылған. Түлектер 11-сыныпты аяқтап, үлкен өмірге алғашқы қадамдарын жасаған.

«Түлектеріміз 11-сыныпты аяқтап, алтын ұя мектебімен қоштасып, үлкен өмірге алғашқы қадамдарын басты», – деп жазды академия парақшасы.

Сондай-ақ клуб жас футболшыларға ақ жол тілеп, олардың биік белестерді бағындыруына тілектестік білдірді.

«Армандары асқақ, мақсаттары айқын болып, биік белестерді бағындыра берсін», – делінген жазбада.

Айта кетейік, Дастан Сәтпаев – қазақстандық футболдағы болашағынан зор үміт күттіретін жас ойыншылардың бірі. Жанкүйерлер оның оқуын аяқтап, енді толықтай футбол мансабына ден қоятынына сенім білдіруде.