26.05.2026, 10:00

Еркебұлан Тоқтар ресейлік ММА өкілімен күш сынасады

Фото: 1bol.kz

Еркебұлан Тоқтар мен Артем Тарасов арасындағы айқас кештің ең тартысты жекпе-жектерінің бірі болады деп күтілуде.

Қазақстандық файтер Еркебұлан Тоқтар ресейлік блогер әрі MMA өкілі Артем Тарасовпен жекпе-жек өткізеді. Қарсыласу 4 шілде күні Алматыдағы Almaty Arena кешенінде өтетін IBA NOMAD 15 турнирі аясында ұйымдастырылады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы 1bol.kz-ке сілтеме жасап.

Жекпе-жек жартылай орта салмақта өтеді. Ұйымдастырушылардың мәліметінше, екі спортшы да бұл кездесуге ерекше дайындықпен келіп жатыр. Соңғы уақытта әлеуметтік желіде бір-біріне бірнеше мәрте үндеу жасаған файтерлер енді барлық сұраққа октагонда жауап бермек.

IBA NOMAD 15 турнирі жанкүйерлер арасында үлкен қызығушылық тудырып отыр. Еркебұлан Тоқтар мен Артем Тарасов арасындағы айқас кештің ең тартысты жекпе-жектерінің бірі болады деп күтілуде.