$ 472.48  550.06  6.59

Ризабек Айтмұхан Азия чемпионатының алтынына таласады

Енді Ризабек Айтмұхан алтын медаль үшін үндістандық Лаки есімді балуанмен белдеседі.

Фото: ANDREJ ISAKOVIC/AFP via Getty Images
Фото: ANDREJ ISAKOVIC/AFP via Getty Images

Қазақстандық еркін күрес шебері Ризабек Айтмұхан Вьетнамның Дананг қаласында өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі балуандар арасындағы Азия чемпионатының финалына шықты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

125 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің жартылай финалында қазақстандық балуан Қырғызстан өкілі Жарғалан Будажаповты 14:4 есебімен айқын басымдықпен жеңді.

Енді Ризабек Айтмұхан алтын медаль үшін үндістандық Лаки есімді балуанмен белдеседі.

Күрестен U23 Азия чемпионаты 23-31 мамыр аралығында Вьетнамның Дананг қаласында өтіп жатыр. 

Айта кетейік, еркін күрес шебері Ризабек Айтмұхан америкалық Real American Freestyle (RAF) лигасындағы келесі қарсыласын білді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0